МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ
Жексенбі, 27 Мамыр 2012 ж.  
навигация

 

«Полицейлер – бұл адамдардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар»


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
(Қазақстан Республикасы ІІМ-нің басшы құрамымен кездесуі)

Астана қаласы 14 сәуір 2005 жыл.


Маңғыстау облыстық Ішкі Істер Департаментінде қазіргі таңда есептен, тіркеуден жасырылған қылмыстармен құқық бұзушылықтарды әшкерелеу бағытындағы жұмыстары жүргізілуде.

Құрметті азаматтар! Маңғыстау облыстық ішкі істер органдарының қызметкерлерімен Сіздердің қылмыс бойынша арыз, ақпарат, хабарламаларыңызды қабылдамаған немесе есепке алудан, тіркеуден бас тартқан жағдайда ІІД-нің Штаб-Басқармасының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылайтын бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Мекен-жайы: Ақтау қаласы 12 шағын аудан, ОІІД-нің ғимараты, 3 қабат, 307 қызмет бөлмесі, телефоны 475106, 475099.
Жаңалықтар
21.05.2012
 

В целях обеспечения надлежащего правопорядка, выявления лиц незаконно прибывающих в Республике Казахстан, пресечения каналов незаконной миграции с 14 по 20 мая органами внутренних дел совместно с КНБ, РУ «Батыс» и представительским консульством министерства иностраных дел на территории области проводился оперативно- профилактическое мероприятие «Нелегал-2012».

[подробнее ]

16.05.2012
 

Мамырдың 15 күні сағат 03:15 шамасында «Заңсыз келуші» атты жедел профилактикалық шарасы барысында, Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 23 шағын ауданында орналасқан «Ақ отау» ойын сауық орталығының жанында Түркменістан Республикасының тумысы «Н» деген азаматты жеңгетайлықпен айналысу үстінде ұстаған.

[подробнее ]

16.05.2012
 

13 мая 2012 года примерно в 05.45 часов, в ЦГБ г. Жанаозен, каретой скорой помощи доставлен гр. «И» 1955 года рождения, с диагнозом «проникающее колото-резанная ранение брюшной полости с повреждением внутренних органов, алкогольное опьянение», который 13.054.12г., в 10.10 часов от полученных телесных повреждении скончался в реанимационном отделении ЦГБ г. Жанаозен.

[подробнее ]

16.05.2012
 

Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Интернет-конференциясы - 17 мамырда Астана уақытымен сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін өтеді.

[подробнее ]

11.05.2012
 

Көптен күткен мереке де келіп жетті. Осыдан 67 жыл бұрын сұрапыл соғыста ата – бабаларымыз көрсеткен батырлық Отанға деген шексіз адалдықтың, шынайы қаһармандықтың, отансүйгіштік пен ержүректіліктің айрықша үлгісіне айналды. Бүгінгі бейбіт өмір біздерге Отан үшін от кешкендердің қасық қаны, қыршындай өмірімен келгенін ешкім де, ешқашан да естен шығармасы хақ.

[подробнее ]

Криминалдық ақпарат
14.05.2012 – 21.05.2012

Облыс көлемінде барлығы 89 қылмыс тіркеліп, оның 49 ашылған.

  • ұрлық – 40/13
  • тонау – 13/10
  • есірткі – 8/7
  • алаяқтық - 12/12
  • бұзақылық - 16/7

15 мамырда Ақтау қаласы тұрғыны 1968 ж.т., аз-ша «Ж» арызданған, яғни Ақтау қаласы 2 ш/а орналасқан «Махаббат» кафесінің ғимаратында белгісіз тұлғалар себепсізден себепсіз оны ұрып-соғып дене жарақатын салған. Осы дерек бойынша: 1) Ақтау қаласы тұрғыны, 1987 ж.т., аз. «М»; 2) Даулет селосы тұрғыны, 1989 ж.т., аз. «Ж»; 3) Ақтау қаласы тұрғыны, 1984 ж.т., аз. «Е» және 4) Ақтау қаласы тұрғыны, 1990 ж.т., аз. «М» анықталып, ұсталған.

15 мамырда Ақтау қаласы тұрғыны, 1950 ж.т., аз. «С» арызданған, яғни Ақтау қаласы тұрғыны, 1977 ж.т., аз. «Д», Ақтау қаласындағы мекемелердің бірінің заңгері болып жалған келісім жасап 530.000 теңгесін алдап алған.

15 мамырда Жаңаөзен қаласы «Мамыр» ш/а тұрғыны, 1980 жт., аз. «Х» арызданған, яғни танысы 1990 жт., аз. «Ж» оны ұрып соғып, м/б R 599 KCM «БМВ» маркалы автокөлігін айдап кету дерегі ашылды.

15 мамырда Баутин кенті тұрғыны, 1981 жт., аз-ша «А» арызданған, яғни қызы 1997 жт., Ж. Мыңбаев атындағы орта мектеп, 8 сынып оқушысы кәмелет жасқа толмаған «Ә» -ны, осы мектептің 9 сынып оқушылары Аташ кенті тұрғыны, 1996 жт., кәмелет жасқа толмаған «Г» және Аташ кенті тұрғыны, 1997 жт., кәмелет жасқа толмаған «Н» ұрып-соғып дене жарақатын салған. Нәтижесінде жасаөспірім «Ә» « ми сүйегінің жабық жарақатымен аудандық ауруханаға қаралған.

14 мамырда «Химик» ББС тұрғыны 1964 жт., аз. «М»-ның сағат 19.00 шамасында Ақтау қаласының 27 ш/а үйлердің бірінің жанында м/б R 051 HYM маркасы «ВАЗ 2106» автокөлігінің алдыңғы терезесін, белгісіз тұлға сындырып кеткен. Осы дерек бойынша Ақтау қаласы тұрғыны 1967 жт., аз. «В» анықталып, ұсталды.

15 мамырда Бейнеу селосы тұрғыны, жұмыссыз, 1971жт., аз-ша «И» арызданған, яғни баласы Қалдықараев орта мектебінің 11-сынып оқушысы, 1994жт., кәмелетке толмаған «Е» «Нокия-6303» маркалы ұялы телефонын алдамшы жолмен Бейнеу селосы, тұрғыны, жұмыссыз, 1988жт., аз-ша «С» алып кеткен. Мойындау жауабы алынып, қажетті тергеу амалдары жүргізілді.

16 мамырда Маңғыстау ауданы, Қызан ауылының тұрғыны 1986ж.т., аз. «Н» арызданған, яғни Ақтау қаласы 29-27 мекен жайынан белгісіз тұлға «Нокия 6303» маркалы ұялы телефонын және 60.000 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткен. Осы дерек бойынша Ақтау қаласы тұрғыны 1973ж.т., аз-ша «А» анықталып ұсталды. Мойындау жауабы алынып, қажетті тергеу амалдары жүргізілді. Айғақ зат «Нокия 6303» маркалы ұялы телефоны алынды.

16 мамырда Ақтау қаласы тұрғыны 1972ж.т., аз-ша «А» арызданған, яғни 2005ж. Ақтау қаласы тұрғыны аз-ша «Р» оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен банктен 3.469.800 теңге несие алған және Ақтау қаласындағы пәтерін өз атағына аударып алғаны туралы. Алаяқтық дерегі ашылды.

17 мамырда Ақтау қаласы тұрғыны, 1981ж.т., аз. «В» арызданған, яғни белгісіз тұлға Ақтау қаласы 11ш/а орналасқан «Ынтымақ» сауда орталығында аз. «В»-ның қалтасынан әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 37.000теңге. Осы дерек бойынша Ақтау қаласында тұратын, 1974ж.т., аз-ша. «О» анықталып ұсталды. Мойындау жауабы алынып, қажетті тергеу амалдары жүргізілді.

Жаңалықтар мұрағаты
ДССССРБСЖМСНЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
2829303132  
       
Ресурстар нықтамасы
akorda.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

pm.kz
Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

e.gov.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Жаманбаев
ІІД бастығының жеке блогы

mvd.gov.kz
ҚР Ішкі Істер Министрлігі

Іздестіруде